Current Date: 03-07-2025

«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын»: Әнші Меруерт Түсіпбаева Заттыбекке өкпелі екенін айтты (ВИДЕО)

Түсіпбаева композитор әрі орындаушы Заттыбек Көпбосынұлынан бірнеше жылдан бері ән ала алмай жүргенін айтып, әзіл-қалжың аралас шағымын білдірді деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Заттыбектен ән сұрағаныма 3 жылға жуықтады. Болмаса, облыс әкіміне үндеу жолдайтын шығармын. Президенттің өзі көмектесе алмады", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары Меруерт Түсіпбаеваның жазбасын қалжың ретінде қабылдап, түрлі пікірлер білдірді.

"Бұл сұмдық қой! Заттыбектен ресми жауап күтеміз", "Қарапайым адам ғой, ешкіммен шаруасы жоқ", "Заттыбек, қазақтың ерке қызына ән беріңіз – нағыз мәрттік сол болар еді", "Шаш иіскесең, бәрі шешіледі ғой", – деген сияқты пікірлер легі астында қалдырылды.

Меруерт Түсіпбаеваның бұл жазбасы әзіл ретінде жарияланғанымен отандық шоу-бизнестегі әріптестік қарым-қатынас жайлы ой саларлық. Заттыбек Көпбосынұлы мен Меруерт Түсіпбаеваның арасындағы өнер жолындағы ықтимал серіктестік – көптің қызығушылығын туғызып отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)