Күні кеше Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіби дайындықты аяқтаған тыңдаушыларды құттықтауға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Академия мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы қатысты . Агенттік төрағасы түлектерге табыс тілеп, олардың «Заң және тәртіп» идеологиясының жүргізушілері екенін жеткізді. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында жұмыс істеуге ниет білдірген 502 үміткердің ішінен тек 121-і іріктеуден өтіп, емтиханға жолдама алған. Олардың ішінде ең жоғары балл жинаған 40 адам ғана Академияға қабылданған.
Темірлан Нұрсолтан