Балалардың құқығын қорғау – бұл тек заң талабынан емес, адамгершілік міндеттен туындайтын маңызды мәселе.
Елімізде бала құқығын қорғау Ата заңмен, «Бала құқықтары туралы» заң және БҰҰ-ның бала құқықтары жөніндегі конвенциясы сияқты бірқатар құқықтық актілермен реттеледі. Десе де, балалардың құқығы жиі тапталып жатыр. Павлодарда күні кеше балабақша тәрбиешісі үш жасқа толмаған сәбилерді ұрып-соққаны анықталды. Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер тек тәрбиешінің емес, балабақша басшылығының да іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді. Бұл жағдай Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілінің жеке бақылауына алынды.
Блиц 1:
- Балалардың құқығы тапталмау үшін, ең біріншіден, ата-ана жауапты болуы керек сияқты. Өз құқықтарын кішкентай кезінен бастап үйреткен жөн секілді.
Блиц 2:
- Ең бірінші үйдегі тәрбиеден қарау керек. Ата-ана қалай тәрбиелейді. Сосын әрине, заң қорғауы керек. Егер бір отбасыда өзгеріс болатын болса, дұрыс тәрбие болмаса, онда психологтар солармен қызмет істеу керек.