Әрі қарай саясаткерлер Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына ойысты.
Жиында бірлестіктің негізгі серіктестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және логистика, аграрлық сектор, цифрландыру және жасанды интеллект секілді басты бағыттар бойынша өзара тиімді ықпалдастық перспективасы қарастырылды. Жиын соңында бірқатар құжатқа қол қойылды. Соның ішінде Моңғолиямен сауда келісіміне және Біріккен Араб Әмірліктерімен экономикалық серіктестік жөніндегі келісім бар. Келесі жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан төрағалық етеді.