Дәрігер суға бата жаздаған қалай алғашқы көмек көрсету керегін түсіндірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta .Ru-ға сілтеме жасап.
Апатты медицина кафедрасының профессоры Марина Костюченконың айтуынша, мұндай жағдайда ең маңыздысы — дұрыс алгоритмді сақтау.
Бірінші жағдай — зардап шеккен адам есін білсе:
- Дер кезінде тыныс жолдарын судан тазарту;
- Зардап шеккен адамды жалғыз қалдырмау;
- Міндетті түрде жедел жәрдемнің келуін күту;
Екінші жағдай — адам ес-түссіз және өздігінен тыныс алмайды:
- Тыныс жолдарын ашық ету (яғни, адамның аузы мен мұрны арқылы ауа еркін өтетіндей жағдай жасау);
- Жүрек пен өкпені іске қосатын алғашқы көмек көрсету: суға кеткен кезде алдымен 5 рет жасанды тыныс алдыру керек, содан кейін әдеттегі (классикалық) реанимация әдісімен жалғастыру;
- Жедел жәрдем келгенше немесе адам өзі тыныс ала бастағанға дейін көмек көрсетуді тоқтатпау.
Үшінші жағдай — ес-түссіз, бірақ тыныс алып жатыр:
- Зардап шеккен адамды бүйірімен жатқызу керек (демі жақсы шығуы үшін);
- Жедел жәрдем келгенше жанында болу, жалғыз қалдырмау.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!