Current Date: 30-06-2025

Атырауда бала лифт шахтасына құлап кеткен

Атыраудағы көпқабатты үйдің лифтінде бала зардап шекті , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Береке шағынауданындағы үйлердің бірінде болған. 11 жастағы бала велосипедпен лифтке кірмек болған кезде есіктері жабылып қалған. Бала сыртта қалып, ал велосипед есік пен лифт кабинасының арасына қысылып қалған.

Лифт жоғары қозғала бастағанда, бала велосипедті ұстап тұрып, көтеріліп кеткен. Кейін лифт шахтасына құлап түскен. Абырой болғанда, бала аман қалған.

"Ол ауруханаға жеткізілді, қажет медициналық көмек көрсетілді. Алдын ала мәлімет бойынша ауыр жарақат алмаған. Оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", — деп жазылған мәліметте.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget