Абай облысында 1 сәуірден бастап 80 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып жолы кесілген.
Оның 19 мыңы тұрғындар тарапынан келіп түскен қоңыраулар арқылы белгілі болды. «Заң мен тәртіп» қағидаты енгізілгелі бері 60-тан астам рейдтік іс-шара өткізілген. Қазір тәртіп күшейді, дейді сақшылар. Мамандар құқық бұзушылықты дер кезінде хабарлау арқылы заңсыз әрекеттердің алдын алып қана қоймай, кей жағдайда адам өмірін сақтап қалуға болады, дейді. Сондықтан полиция қызметкерлері тәртіп бұзғандарды көрсеңіз бірден 102-ге хабарласуыңызды сұрайды.
БЛИЦ:
- Жалпы қандай да бір құқық бұзушылық пайда болған кезде демеу түрде полицияға хабарласу қажет деп ойлаймын. Бұл ең алдымен өзіміздің қауіпсіздігіміз, ең бастысы сол деп ойлаймын.
- Темекі тұқылын жерге тастап, түкіруге де жаза қолданылады. Бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Әр адам қоғамдық орында тазалық пен тәртіпті өз үйіндегідей сақтауы тиіс.
- Полицияға хабарлаған дұрыс қой. Өйткені бәрібір тәтіпке бағыну керек. Өзіміз байқап қалсақ соны хабарлап айтсақ, олар дер кезінде шара қолданса пайдасы болады деп ойлаймын түбінде.