Current Date: 04-07-2025

Газада күн қатты ысып тұр

Газада күн ысыды. Қазіргі кезеңде бұл аймақ үшін қалыпты жағдай. Бірақ биылғы аптап палестиналықтарға «жығылғанға жұдырық» болды.

Өйткені анклавта электр жарығы жоқ. Яғни, тұрғындар жансақтау үшін желдеткіш ауа баптағыш қоса алмайды. «Ыстықта күйіп тұратын пластик пен нейлоннан жасалған шатырда тұру – қияметтің қияметі», - дейді олар.

Мұхаммед Ашур, Хан-Юнис тұрғыны:

- Бұл өмір емес, бұл тозақ. Бұған дейін біз адам сияқты өмір сүріп келген енді. Әбден қажыдық. Өлермен болдық. Физикалық та, психологиялық та азап шегіп жүрміз.