Бірқатар лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Бұл — Президент тапсырмасынан кейін елдегі курорттық аймақтарды тексерудің нәтижесі. Нақтырақ айтсақ, туризмді дамытуға жауапты вице-министр, Алматы, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстары әкімдерінің орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланды. Дәл осындай тәртіптік жазаға іліккендердің қатарында Қонаев, Балқаш қалаларының, Алакөл, Мақаншы аудандары мен ауылдық округтердің әкімдері бар. Облыстық басқармалардың бірқатар басшысы жазаланды.
Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің басшылары да, жауапкершілікке тартылды. Қазір ол жерлерде орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен көшпелі тексерістер жүргізіліп жатыр. Сосын туристік инфрақұрылымды дамытудың Жол картасы әзірленбек. Бұдан басқа, жобалық кеңсе жасақталды. Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған еді. Төрт өңірге жасалған инспекциялық сапар кезінде жүйелі заң бұзушылықтар анықталды.
Асылбек Данияр