Current Date: 14-03-2025

Боран, көктайғақ және тұман: 10 наурыздағы ауа райы болжамы

"Қазгидромет" 10 наурызда елдің бірқатар өңірінде ескерту жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана: қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с.

Алматы: түнде тұман түседі.

Алматы облысы: түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел шығыстан, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және тау бөктерлерінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы: қар, боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыста, оңтүстікте және шығыста екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с. Көкшетауда көктайғақ болады.

Жетісу облысы: шығысында, орталығында және таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, шығысында және таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с. Талдықорғанда түнде көктайғақ.

Атырау облысы: түнде және таңертең оңтүстігі мен батысында тұман. Атырауда да тұман күтіледі.

Жамбыл облысы: оңтүстігі мен таулы аймақтарында көктайғақ. Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, таулы аймақтарда 15-20 м/с. Таразда түнде көктайғақ, кейде тұман түседі.

Түркістан облысы: түнде оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, түнде таулы асуларда 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы: қар, боран күтіледі. Батысы мен оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы: 11-13 наурыз аралығында ауа температурасының +5...+10°C-қа дейін көтерілуіне байланысты қардың белсенді еруі, еріген қар суының пайда болуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Қызылорда облысы: орталығында тұман.

Қарағанды облысы: шығысында түнде, батысы мен солтүстігінде күндіз қар жауады. Солтүстігі мен шығысында түнде, батысы мен шығысында күндіз боран. Солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с.

Қостанай облысы: солтүстігінде түнде қар, күндіз солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде қар аралас жаңбыр. Түнде солтүстік бөлігінде боран, күндіз солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде боран, көктайғақ. Батысы мен шығысында тұман. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, батысы, солтүстігі, шығысында 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы: солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман.

Ұлытау облысы: солтүстігі мен шығысында боран. Солтүстігі, шығысы және орталығында тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы: түнде қар, боран, солтүстігі мен шығысында қатты қар жауады. Күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында қар, боран. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с.

Абай облысы: түнде қар, боран, күндіз батысы, солтүстігі мен орталығында қар, боран. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с.

Ақтөбе облысы: оңтүстігі мен орталығында тұман. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с.

Павлодар облысы: күндіз қар. Түнде оңтүстігі мен шығысында боран. Күндіз боран. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!