Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Трендтер

Газа секторында гуманитарлық көмек көлемі азайды

Газа секторында гуманитарлық көмек көлемі азайды

Израиль Газада әскери операциясын күшейтіп, аймаққа гуманитарлық көмек азайды, деп хабарлайды 24kz.

Израиль әскерінің өкілдері: «Бұл өңір тұрғындарын оңтүстікке қарай көшіру үшін жасалып жатқан уақытша шара», — дейді. Бірқатар мемлекет екі аптадан бері жүктерді әуе арқылы жөнелтіп жатыр. Бірақ олардың 86%-і тұрғындарға жетпей жолда талан-таражға түскен. 8 тамызда Израиль парламенті премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың Газаны толықтай басып алу туралы шешімін бекіткен еді. Еврей билігінің мәімдеуінше, бұл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, анклавты жаңа үкіметтің бақылауына беру үшін жасалып отыр.