Кеше Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша сот отырысы өтті. Сот отырысында судья Әбінұр Қарабаев журналист Ботагөз Омароваға тілін шығарған. Судьяға қатысты тексеріс тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент сотының баспасөз қызметі Tengrinews.kz-тің ресми сауалына берген жауабында судьяның іс-әрекеті мұқият зерттелетінін мәлімдеді.
"Төрағалық етуші судья Әбінұр Қарабаевтың Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жасалған қастандық туралы қылмыстық істі қарау кезіндегі әрекеті Судья әдебі кодексі бұзылуына байланысты тексеріледі", — деп жауап берді соттың баспасөз қызметі өкілі.
Қызметтік тексеріс материалдары судья әдебі жөніндегі комиссия қарауына жіберіледі.
Еске салайық, бұған дейін Берденовке қатысты істегі судья журналиске тілін шығарғаны хабарланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз