Current Date: 10-09-2025

Б.Нетаньяху: Газа қаласына жойқын шабуыл жасалады

Жақында Газа қаласына да ауқымды шабуыл жасалады , деп хабарлайды 24kz.

Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху осындай мәлімдеме жасап, палестиналықтарды шаһардан кетуге шақырды. Оның сөзінше, соңғы күндері Израиль әскери-әуе күштері ХАМАС қолданған 50-ге жуық көпқабатты ғимаратты қиратқан. Нетаньяху бұл негізгі операцияның бастамасы ғана екенін мәлімдеді. Билік Газа қаласын толық бақылауға алып, ХАМАС-ты жоюды көздейді. Шабуыл жоспары тамыз айының соңында бекітілгенімен, нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз.