Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса «Ата жолы» картасын күші жоқ екенін айтып, Еңбек министрлігін сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атышулы «Ата жолы» картасын алғандардың қандастардан айырмашылығы олар Қазақстан азаматы ретінде тиісті құқықтарға ие болып, Қазақстан азаматтығын ойластырған тәртіппен алуға тиіс еді, — дейді Қазыбек Иса.
Оның сөзінше, «Ата жолы» картасын алған бар болғаны 55 адамның ешқайсысы да мұның ешқайсысына ие болмаған.
Өйткені «Ата жолы» картасы заңдық негізі жоқ, түкке жарамайтын болып шықты. Сонда Еңбек министрлігінің алақайлаған «Ата жолы» картасы алдау жолы болып шықты. Біз атамекенін аңсаған шетелдегі миллиондаған қазаққа осындай түрлі кедергілермен қашанғы тосқауыл қойып жүре береміз? Оны тоқтату керек. Қандастарды қашан құшақ жайып қарсы аламыз? — деді депутат.