Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Трендтер

Ел дамуы жолындағы ерен еңбек

Ел дамуы жолындағы ерен еңбек

Мамандығына адалдық танытқан адамдар қоғамда да қозғаушы күшке айналатыны белгілі. Жүрек қалауымен игерілген мамандық – нағыз игілік. Өз ісінің шебері болу үшін терең білім мен жоғары біліктілік қажет. Әрине, мамандық алуға болады. Бірақ сол саланың сұңғыласына айналу сирек. Ал еңбектің игілігін тек бір адам емес, тұтас қоғам көрсе, саналы жан үшін одан асқан ғанибет жоқ шығар.

«KEGOC» – электр энергетикасы саласындағы білікті де өз ісіне адал мамандар шоғырланған компания. Ел экономикасының тамырына айналған энергия жүйесі білгір мамандарды талап етеді. Мұнда да дәрігер мен құрылысшы секілді қателесуге мүлде рұқсат жоқ. Өйткені энергия жүйесі бір сәтке жүрісінен жаңылса, экономикаға миллиондаған шығын әкелуі мүмкін. Сондықтан да, бұл жүйе өзінің мамандарына аса талапшыл һәм қатал. Кернеу қателікті кешірмейді. Қазіргі кезде самаладай жарқыраған жарықтың ту сыртында энергия жүйесінің мыңдаған мамандарының күн-түн демей еткен қызметі тұр.

Ел үшін қызметте, жақсы аттың жалында жүрген сондай білімді маман, білікті менеджер Ермаханбет Атақұлов. Ермаханбет Тиллабекұлы «KEGOC» АҚ Пайдалану және күр­де­лі құрылыс бойынша бас­қа­ру­шы директор лауазы­мында 2021 жылдан бері еңбек етіп келеді. 1986 жылы Алматы энергетика институтын «Электр желілері мен жүйелері» мамандығы бойынша тәмамдаған маманның жалпы еңбек өтілі 39 жылды құрады және саналы ғұмырын энергетика жүйесіне арнап келеді. Демек, ол энергетика саласын терең меңгеріп, оның тынысын тап басатын таптырмас маманға айналғаны даусыз.

Сондықтан да ол қазір ком­па­нияның өндірістік активтерін (электр желілері, жоғары кернеу­лі қосалқы стансалар) жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыс­та­рының сапасы мен уақтылы орындалуын тиімді ұйым­дастырып, бақылауды жүзеге асырады. Ком­пания ұзақ жыл бойы ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын сенімді әрі үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етіп келеді. Өндірістік жұмыстардың басы-қасында жүретін Ермаханбет Тиллабекұлының да үлесі орасан.

энерго

Басшылық ету бар да, үр жаңа­лыққа бастамашы болу, тың жоба­ның көш басында тұру және бар. Басшылық – бұйрық беру мен бақылаудан ғана тұрмайды, сол өзіңіз бастауында тұрған саланың сан қатпарын ерек меңгеріп, оның одан әрі ілгерілеуіне ықпал ету, қозғаушы күшіне айналуды талап етеді. Даму тарихында өз қолтаңбаңды қалдыра алу да кез келген басшыға бұйырған бақыт емес. Ал Ермаханбет Тиллабекұлының қолтаңбасы компания дамуының әрбір кезеңінен айқын байқалады.

Тарқатып айтсақ, оның тікелей қатысуымен компанияның көп­жылдық Инвестициялық бағ­дар­ламасы іске асырылды. Бүгін­де бағдарлама табысты іске асырылып жатыр. Активтерді жаңғырту, қайта кеңейту және жаңарту, қосал­қы стансалардың релелік қор­ғаныс және автоматтандыру жүйелерін, метрологиялық қамта­­масыз етуді жетілдіру, ақпараттық-технологиялық кешеннің сенімді жұмыс істеуі мен дамуы бағытында «KEGOC» АҚ-ның бірыңғай техни­калық саясаты енгізіліп келеді.

Сонымен бірге, Ермаханбет Тиллабекұлының қатысуымен компанияда ірі инфрақұрылымдық жобалар сәтті жүзеге асырылды. Олардың қатарында «Мойнақ ГЭС қуатын шығару. Мойнақ ГЭС-нің 220 кВ ашық тарату құрылғысы», «Алма» қосалқы стансасын салу және оны Қазақстанның Ұлттық электр торабына қосу», «Ұлттық электр торабын жаңғырту», «Солтүстік – Оңтүстік» ІІ транзиті, «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» транзиті, «Екібастұз – Шүлбі ГЭС – Өскемен әуе желісін салу» және тағы да көптеген маңызды жобалар бар.

Ермаханбет Тиллабекұлының жемісті қызметінің көрсеткіштерінің бірі – филиалдармен жүргізген жұмысының оң нәтижелері. Бұл болса, жалпы алғанда «KEGOC» АҚ қызметінің тиімділігін арттырады.

Бүгінгі таңда электр энергети­калық активтерді басқару саласын­дағы белсенді әрі нәтижелі жұмыс­тардың нәтижесінде «KEGOC» АҚ қор компаниялары ара­сында көшбас­­шылардың біріне және ТМД елдері арасындағы үздік компанияға айналғанын атап өткен жөн. Ермаханбет Тиллабекұлы секілді кә­сі­­­бін жақсы білетін басшы­лардың ұзақ жылғы еңбегінің нәтижесі. Ақ, адал қызмет мемлекет назарынан да тыс қалмады.

энергия

Ермаханбет Тиллабекұлының өткен ғасырдың 80-жылдарда бастау алған еңбегінің бір өлшемі ретінде мемлекеттік марапаттар да табыс­талды. Бүгінде оның кеудесінде ел үшін еткен еңбектің еш кетпесінің дәлеліндей «Парасат», «Құрмет» ордендері, бірнеше мерейтойлық медальдар жарқырайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Парасат» орденін парасатты басшыға Тәуелсіздік күнінде Ақорданың төрінде табыстады. Егемен елдің өрлеуіне қосқан үлесі еленгендей.

Кез келген компанияны толайым табысқа бастайтын, оның қысыл­таяң шақтарында қиыннан қиыс­тырып, жол тауып, жеңіске жет­кізетін тетігі мен тірегі – идея­сымен алға жетелейтін оның әр қыз­меткері. Бұл – компания үшін мықты ресурс, жеңістің кілті. Ермаханбет Тиллабекұлы да үлкен механизм­дегі кілт іспеттес елге үздік­­сіз қызмет етіп келеді.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА