Current Date: 14-03-2025

“Таулы аймақта құрылысқа рұқсат бермегенім үшін көп жау таптым“ - Досаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында Ерменсай шағынауданында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына қатысты сұрақтарға жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Белгілі бір ауданда тұрғын үй кешендерінің құрылысына мораторий енгізу заң жүзінде мүмкін емес. Бірақ бұл мәселені реттеп отырмыз. Кейінгі бірнеше жылда қанша жобаны мақұлдаудан бас тартқанымызды елестете де алмайсыздар. Қалада таулы аймақта құрылыс жүргізуге рұқсат бермегенім үшін жауым көбейді", – деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, заңдағы олқылық құрылыс компанияларына жеке тұрғын үйге арналған жерлерге аз қабатты кешендер салуға мүмкіндік беріп отыр.

"Заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгіздік және өз тарапымыздан құрылыс ережесін қатаңдаттық. Қазір бұл ереже тау бөктерін тегістеуге, таулы аймақтағы жоталар жолағында, соның ішінде еңісі 15 градустан жоғары жерлерде құрылыс жүргізуге тыйым салады", – деді Алматы әкімі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!