Current Date: 14-03-2025

«Мен әрдайым қасыңдамын»: Жансая Әбдімәлік күйеуінің туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Танымал шахматшы, спортшы Жансая Әбдімәлік күйеуіне арнап жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды .

25 жастағы Жансая өмірлік серігінің туған күнімен құттықтады.

“Әлемдегі ең бақытты жан бол! Ал мен әрдайым қасыңдамын! Сүйемін, сүйемін», – деп жүрекжарды жазба қалдырды шахматшы.

Айта кетейік, 2023 жылдың сәуір айында тұрмысқа шыққан еді.

“Мәңгілік мендіксің, мәнгілік сендікпін”, – деп жазды Жансая Әбдімәлік.

Танымал спортшы «Қазақмыс» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Нұрахмет Нұриевпен бас қосқан. Жансая Әбдімәлік пен күйеуі Нұрахмет Нұриевтің арасында 11 жас айырмашылығы бар.