Current Date: 14-03-2025

Келесі Ұлттық құрылтай Қызылордада өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі Ұлттық құрылтай қайда өтетінін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын»

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!