0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Абай облысында Амал меркесі тойланып жатыр. Жаңару мен бірлікті, салт-дәстүрді паш еткен мерекеде “Елден сәлем” мәдени жобасы қолға алынды. Өңірдегі аудан жұртшылығы бір-біріне қонаққа барып, әдет-ғұрыпты, өнерді ұлықтады. Мысалы, Абай ауданында Ақсуат ауданының мәдени күндері басталды. Ұлы ақын еліне келген меймандарды абайлықтар салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті. Зиялы қауым өкілдері дөңгелек үстелде бас қосып, өңірдің дамуын талқылады. Мұндай келелі жиын өзара ынтымақты арттырып, әлеуметтік-экономикалық байланысты жандандыра түседі. Бұл күні “Ауыл дәмі” ауылшаруашылық жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Сондай-ақ Абайдың 180 жылдығына арналған гала- концерт өтті.
Қайырлы Қасенов облыстық мәслихаттың депутаты:
Абай атамыз, Шәкәрім, Мұхтар аталарымыз туған өлкеге келіп Көрісу күнінде Абай ауданының халқы керемет қарсы алды. Көрісу күнімен барлықтарыңызды құттықтаймыз. Жақсы мереке. Бұл мереке қазір Ақсуат ауданынан, Абай ауданына қал сұрасып, көркемөнерпаздарымыздың әндерімен, жыр шашуларымен келіп жатқан жайымыз бар.
Ержан Жақып