Семейде "дәрігерлер күйдірді" деген нәресте өте сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан болуы мүмкін. Астанадағы Ана мен бала орталығының мамандары оның күйік жарақатын алмағанын анықтады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Кішкентай Әли 2 наурыз күні дүниеге келген. Бұған дейін ата-анасы өмірге сәбиі өмірге аман-есен келгенін, дәрігерлер перзентханада оңдырмай күйдіріп алғанын айтқан болатын. Бірақ медицина қызметкерлері сәбиді "күйдірмедік, бұл тұқым қуалайтын дерт болуы мүмкін" деп мәлімдеген. Артынша ана мен бала бірден санавиациямен Астанаға жеткізіліп, қазір нәрестені жан-жақты тексеріп жатыр. Ана мен бала орталығының дәрігерлері оның күймегеніне сенімді. Бірақ нақты қандай дертке шалдыққанын әзірге анықтай алмай отыр.
"Бізде алдын ала болжам бар. Балаға тромбогеморрогия синдромы диагнозы қойылды.Яғни сәбибің жағдай қан кетудің бұзылуымен байланысты болуы мүмкін. Қазір қажет ем-дом жүргізіліп жатыр. Бұл өте сирек кездесетін дерт. Оның белгілері күйік жарақатына ұқсас болады. Әзірге баланың жағдайы ауыр", — дейді Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары Талғат Ибраев.
Дереккөз: КТК телеарнасы