Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекзат Алтынбеков
тиімсіз шығындарды оңтайландыру және қоғамдық әдепті сақтау бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Айтуынша, жиын тойларда мәдени тәртіп болу керек. Өйткені асабалардың мәдениетсіздігі, әлеуметтік проблемаға айналып барады. Сондықтан бұл мәселеге қоғамдық бақылау тетігін күшейтіп, арнайы этикалық ереже қабылдау қажет деп санайды қоғам белсендісі. Ұлттық құндылықты сақтау үшін тойға да тәрбие керектігін жеткізді.
Бекзат Алтынбеков, Қарағанды облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі:
- Аталар мен әжелер мектебінің ұлағатын кәлдеге жаратуға тиіспіз. Сондай-ақ қаралы жиындарды ұйымдастыруға арнайы ереже жасамасақ та белгілі деңгейде жүйелеу қажет. Белгілі тұлғаларлың қазасында сол қайтыс болған тұлғаның абырой-беделін пайдаланып, қаралы үйдің босағасын азалы жиынды саясиландыру үрдісі белең алып барады. Бұл марқұмның беделін көтеру емес, тұтас бір әулеттің немесе белгілі бір аумақтың абыройына нұқсан келтіру дер едім. Жалпы мұндай шаралардың мазмұныңда ғана емес, ысырапшылдық пен даңғойлыққа да шектеу енгізу керек. Осы ретте белгілі бір көпгілікке ортақ жаднама әзірлеген жөн деп есептеймін. Бұл жұмысты Қазақстан мұсылман діни басқармасы қоғам өкілдерінің қатысуымен бірлесе отырып дайындауы қажет.