0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Орта және шағын кәсіпорындардағы қыз-келіншектердің үлесі 50%-ға жеткен. Бұл туралы «Болашақтың іргетасын қалаушы: еңбек саласындағы әйелдер конференциясында» айтылды. Әйелдер сауда-саттық пен қызмет көрсету салаларында айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Оған қоса, өндіріс, құрылыс кәсіпорындарда да оң нәтиже көрсетуде. Бұл тенденция ел экономикасын дамытуда елеулі үлес қосып жатыр дейді Ләззат Рамазанова.
Ләззат Рамазанова, «ASMAR» Қазақстанның кәсіпкер әйелдері ұлттық қауымдастығы төралқасының төрайымы:
42 пайыз кәсіпорындар ол қызмет көрсету саласында, сауда саласында. Өнеркәсіпте жүрген қыз-келіншектердің саны өкінішке орай өте төмен. Бұл сатыға көтерілу үшін ең бірінші ішкі қаражат пен ішкі менеджментті жаңа деңгейге көтеру керек.
Динара Жарқынбек