Current Date: 17-03-2025

Елімізде газдандыру және ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады

Жыл басында 12 миллионнан астам адам табиғи газға қол жеткізді, деп хабарлайды 24kz.

Былтыр 1,7 мың шақырымнан астам газ желілері салынды. Биыл елді мекендерді газдандыру бойынша тағы 45 жоба іске асады. Бұл газбен қамтылғандарды 12,4 миллион адамға дейін, ал газдандыру деңгейін 62%-ке дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Басым міндеттердің бірі – қазақстандықтарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету. 2019 жылы сумен жабдықтау қалаларда 97,2% және ауылдарда 86,4% болса, бүгінде бұл көрсеткіш 99,4% және 97,8%-ке жетті. 6256 ауылдың ішінен 5523 ауыл сумен қамтылды. Қалған 833 ауыл осы жылдың соңына дейін таза суға қол жеткізеді. Ал Астанадағы ауызсу тапшылығын шешу үшін Президент тапсырмасы бойынша 2023 жылы қуаттылығы тәулігіне 105 мың текше метр болатын №3 сорғы-сүзгі станциясының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ Сәтбаев атындағы каналдан су құбырын тарту жұмыстары басталды.