Current Date: 17-03-2025

NU-да DEEPTECH BAIGE байқауының жеңімпаздары анықталды

Назарбаев университетінде «Диптэк Бәйге» стартаптар байқауының жеңімпаздары анықталды.

Ең үздік жобалардың әзірлеушілерін ғалымдар, Ғылым және жоғары білім вице-министрі және бизнес өкілдері бағалады. Ал қазылар алқасының төрағасы Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев болды.

Медицинада жасанды интеллектіні қолданудан бастап, ауыл шаруашылығы саласына мониторинг жүргізу жобалары. Мұның бәрі Дип-тэк Бәйге байқауына ұсынылған стартаптар. Бұл сайысқа жалпы 100-ге жуық өтініш түскен. Үздік деп танылған 10 жоба, қазылар алқасының шешімімен, финалға өтті. Оларға Назарбаев университеті жанындағы «Әлеуметтік даму қоры» қолдау білдірді.

Абзал Дәрібаев, NU жанындағы "Astana Business Campus" ЖШС басқарушы директоры:

- Байқаудың мақсаты ғылыми зерттеулер нәтижелерінен шыққан жаңа продукттарды, жаңа стартаптарды қолдау. Бұл біздің мемлекет үшін, біздің университет үшін маңызды деп санаймыз. +00.53-01.01/ біздің экономикаға пайда алып келе алатын және экспорттың потенциалы бар салаларға мән бердік.

Бәйге алаңында MedTech, AgroTech және өнеркәсіп стартаптары ұсынылды. Байқаудың жүлде қоры 35 миллион теңге. Бірінші орын мен 12 млн теңгені жауынгерлік дрондарды жасауға арналған инновациялық платформа – GAME OF DRONES жобасы жеңді. Ал көрермендер көзайымы сыйлығын HEMO LAB жобасының авторы қанжығалады. Ол – дәл және жедел медициналық диагноз қоюға арналған платформа.

Алуа Мусралина, Hemo Labs жобасының жетекшісі:

- ХЕМО ЛАБ жобасы – диагнозды дәл қою уақытын 10 есе қысқартатын жоба. Сондай-ақ ол 95 пайыз дәлдікпен ауруларды ерте диагностикалауға септігін тигізеді. Бізде телеграм-бот бар. Онда әрбір науқас өзін алаңдатқан сұрағына жауап ала алады. Жалпы медицина саласында бірнеше серіктесіміз бар. Біздің мақсатымыз платформа арқылы әрбір азаматтың уақытын үнемдеп, сапалы медициналық қызмет көрсету.

Алдағы уақытта Назарбаев Университеті стартаптарды қолдау қорын іске асыруды жоспарлап отыр. Осылайша өзге де жоғары оқу орындарын бәйгеге қосып, байқаудың аясын кеңейтпек.

Альмира Оразбай, Абдулхамит Болекбаев