Шымкент қаласында Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден әлеуметтік көмек беріледі.
Жергілікті мәслихаттың шешімімен әлеуметтік қолдау шаралары қайта қаралып, қаржылай көмектің көлемі ұлғайтылды. Қазіргі уақытта қалада екі соғыс ардагері бар. Жүз жастан асқан Нина Мосунова мен Мұраталы Төлепбергенұлына былтыр пәтер кілті табысталған болатын. Сонымен қатар тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмайды. Жеңіс күніне орай 1560 тыл ардагеріне бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіліп, қаражат олардың жеке есепшоттарына автоматты түрде аударылады. Ауған соғысына қатысушыларға да материалдық қолдау қарастырылған. Оларға берілетін жәрдемақы көлемі 45 айлық есептік көрсеткіштен 50 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Әлеуметтік көмек соғыс ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттағы азаматтарға көрсетіледі.
Ұлдана Бекбау, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқармасының бас маманы:
- Мәслихаттың шешіміне сәйкес бізде біршама өзгерістер болды. Жыл сайын берілетін әлеуметтік көмектер ауған соғысының ардагерлеріне берілетін 45 АЕК-тен 50 АЕК көтерді және де 80 жылдыққа орай соғыс ардагерлеріне 542 АЕК-тен 1272 АЕК көтерді.