Израильдің Газа секторына әуе шабуылынан қаза тапқандар саны 232-ге жетті. Бұл туралы Әл-Жазира телеарнасы хабарлады.
Бұған дейін Израиль премьер-министрінің кеңсесі қорғаныс күштеріне Газа секторына соққы беру туралы бұйрық берген. Сондай-ақ мәлімдемеде Израиль әскерінің түпкі мақсаты Газа секторын талқандау емес, ХАМАС ұйымына тиесілі нысандарды соққылау екені айтылған. Олардың бұлай әрекет етуіне ХАМАС-тың тұтқындарды босатудан бас тартуы себеп.
Еске салайық, Газада қақтығысты тоқтату туралы келісімнің бірінші кезеңі 1 наурызда аяқталды. Осы аралықта 33 тұтқын Израильге қайтарылды. 1500-ден астам палестиналық босатылды.