Current Date: 18-03-2025

Алмасадам Сәтқалиев жаңадан құрылған агенттіктің төрағасы болып тағайындалды

Алмасадам Сәтқалиев жаңадан құрылған Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", — делінген хабарламада.