Current Date: 18-03-2025

Экс-судья Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Экс-судья Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аса ірі көлемдегі алаяқтық жасап айыпталған бұрынғы судья С. Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша соталды тергеп-тексеру аяқталды.

Тергеу мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесемін деген сылтаумен, алдау және сенімге қиянат келтіру арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден аса сомадағы қаражатын қолды қылған.

"Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іске біріктірілді. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды", — деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!