Current Date: 18-03-2025

Былтыр қазақстандық фильмдер ₸22 млрд астам табыс тапты

Былтыр отандық фильмдер кинотеатрларда 22 миллиард теңгеден астам табыс тапты, деп хабарлайды 24kz.

Кино саны 65-тен 107-ге дейін өсіп, кассалық табысы жоғары 20 фильмнің 70%-іне тең болды. Бұрын мұндай көрсеткіштерге негізінен шетелдік фильмдер қол жеткізетін. Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында айтылды. Кинодан түскен қаржының ашықтығын қамтамасы ету үшін Премьер-министр Олжас Бектенов «е-Кино» платформасын жедел іске қосуды тапсырды. Бұл киноөндірістегі қаржылық айналымды реттеп, авторлық құқықты қорғауға мүмкіндік бермек. Жалпы елде кино өндірісі мен компьютерлік ойындар нарығы жоғары қарқынмен дамып келеді. Былтыр компьютерлік ойындарды әзірлеу саласы ел экономикасына шамамен 460 миллиард теңге табыс әкелді. Сонымен бірге елде креативті индустрия бағыты жақсы дамып келеді. Былтыр шығармашылық тауарлар мен қызметтердің әлемдік экспорты 250 миллиард доллардан асты. Дегенмен, соңғы 5 жылда креативті экономика 3 есе өссе де, оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі әлі де төмен, небәрі 1% шамасында. Сол себепті Үкімет басшысы бұл саланы барынша дамытуды тапсырды.