АҚШ тарифтерін алып тастамаса, Канада экономикасы алдағы тоқсанда рецессияға ұшырауы мүмкін . Өйткені Америкамен салыстырғанда, экспортқа көбірек тәуелді. Сарапшылар осылай деп ескертеді.
4-наурыздан бастап АҚШ көрші елден келетін тауарларға 25 пайыздық баж салығын енгізген еді. Енді Канада банкінің болжауынша, алдағы екі жылда елдің жалпы ішкі өнімі 3 пайызға төмендеуі мүмкін. Канададан бөлек Дональд Трамп Мексикаға да 25 пайыз баж салығын енгізген. Сарапшылар бұл АҚШ-тың өзіне де тиімсіз болатынын ескертеді. Олардың есептеуінше, сауда соғысынан орташа америкалық отбасы жылына 1200 доллардан қағылуы мүмкін. Былтыр Канада АҚШ-қа 412 млрд долларға тауар экспорттаған. Бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 20 пайызы. Ал америкалықтар көрші елге жалпы ішкі өнімінің тек 1 пайызына пара-пар сомаға өнім жеткізген.