Current Date: 14-03-2025

Елде Кешірім күні аталып өтті

Ел-жұрт кеше Кешірім күнін өткерді.

Бұл күн – атауы айтып тұрғандай барлық ренішті ұмытып, хабарсыз кеткен жақыныңызбен татуласуға таптырмас уақыт. Жалпы дәл осы мереке қазақ халқының болмысына жат емес. «Кешіре білу – кеңдік, кешіре білмеу – кемдік», — деген бабаларымыз, кетіскенді келістіріп ағайынның арасын жақындатып отырған. Қазақстын мұсылмандар діни басқармасы да атаулы датаны кеңінен жарнамалау қажет, — дейді. Себебі Ислам дінінің өзі адамзатты кешірімді болуға шақырады.

Медет Құрмашұлы, ҚМДБ Шариғат және пәтуә бөлімінің маманы:

- Қандай да бір мереке болатын болса, егер оның шариғатқа бір ешқандай қайшылығы болмайтын болса, әлбетті дініміз оны құптайды. Бұл мереке қолдауға тұрарлық мереке. Себебін айтып жатырмыз, бұл – Ислам дінінің өзі бұйыратыны бізге кешірімді бола білу.