Current Date: 19-03-2025

Siemens 6 мың қызметкерді қысқартады

Немістің Siemens компаниясы әлем бойынша 6 мыңнан астам қызметкерін жұмыстан босатады. Бұл барлық жұмыскердің шамамен 2%-і. Қысқартуға өндірісті автоматтандыру және электромобильді қуаттауға арналған батареяларды әзірлеумен айналысатын қос салаға әсер етеді. Кәсіпорын басшылығы Германия мен Қытайда тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмендеуі себепті бұл шешімге келген.

Айта кетейік, әлем бойынша Siemens компаниясының қарамағында 300 мыңнан астам қызметкер бар. Соның 86 мыңы Германияда жұмыс істейді.