Солтүстік Қазақстан облысында мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге тұратын бірегей Теке көлі қайтарылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жай
2020 жылы ас тұзын өндеуге арналған келісімшарт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушыға жалпы ауданы 21,5 мың гектар Теке көлін берген.
Дегенмен 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тоқтағанына қарамастан уәкілетті орган екі жылдан аса уақыт бойы соталды тәртіппен шартты біржақты бұзу жөнінде шаралар қабылдамаған. Ал бұл су қорының жерін мақсатсыз пайдалануға әкеп соққан.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің талаптарына қарамастан, шаруашылық жүргізуші құзыретті органның ресми сайтында жер қойнауын пайдаланушылар тізімінен алынбаған", — деп жазылған хабарламада.
Мемлекетке қайтару процесі
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қабылдаған шаралар арқылы жер учаскесін жалдау шарты соталды тәртіппен біржақты бұзылды.
"Кадастрлық құны 26,7 млрд теңге тұратын, жалпы ауданы 21,5 мың гектар ащы-тұзды Теке көлі мемлекеттік меншікке қайтарылды", — деп жазылған хабарламада.
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!