Current Date: 21-03-2025

Елордада боулингтен мүгедек жандар арасында турнир өтті

Наурыз мерекесіне орай елордада мүмкіндігі шектеулі жандар

арасында спорттық сайыс өтті. Бұл жолы олар боулингтен бақ сынады. Жарысты "Мүгедек жастар қоғамы" бірлестігі ұйымдастырып отыр. Оған қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Мұндай шаралар мүмкіндігі шектеулі жандардың бойын сергітіп, өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Сайыс дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Тәуекел Наурызбаев, «Мүгедек жастар қоғамы» ҚБ төрағасының орынбасары:

- Әр командада 7 адамнан қатысып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында 6 ұйым бар. Болуинг енді дамып келе жатыр. Үкіметтің қолдауымен мемлекеттік деңгейде болатын шығар деп ойлаймыз.

Қарлығаш Сәрсенбаева, жарысқа қатысушы:

- Біз мұндай турнирлерден бөлек ұжым болып боулингке келіп тұрамыз. Он жылдан бергі өзіміздің уақыт өткізуіміз. Бірінші кезде өзім боулинг ойнауға келгенде түсінбеген едім қалай екенін. Оп-оңай ойнауға.