Бүгін Атырау қаласының іргесіндегі «Талғайраң» спутник-қалашығында 900 орындық мектеп пайдалануға берілді.
Жоба Каспий құбыр консорциумының демеушілігімен қаржыландырылған болатын. 2001 жылдан бері Қазақстанның мұнай-газ нарығында еңбек ететін консорциум әлеуметтік салаға жыл сайын 3 млн АҚШ доллары көлемінде қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Бизнестің жауапкершілігін жете сезінген КҚК енді облыс орталығынан «Жастар үйінің» құрылысын қаржыландыратын болады.
Жаңа мектепте заманауи құралдармен жабдықталған 36 оқу кабинетіне қосымша физика, химия және биология пәндеріне арналған зертханалар бар. Шетел тілі кабинеттерінде лингафондық-мультимедиялық жабдықтар орнатылған. Жаңа білім ошағының ашылуына қатысқан облыс әкімі Серік Шәпкенов жаңа білім ошағына сәттілік тілеп, консорциум басшылғына алғыс сезімін жеткізді.
Серік Шәпкенов, облыс әкімі:
- Қадірменді ағайын, бізге ең басты Президентіміздің тапсырмасы: «Біз дамыған ел боламыз десек, біз өзіміздің ұрпағымызға, болашағымызға дұрыс деңгейде саналы тәрбие мен сапалы білім беруіміз керек». Сондықтан да осы ашылып отырған мектеп болашақ ұрпағымызға саналы тәрбие мен сапалы білім берсін дегім келеді.
30 жылдан астам уақыт ішінде Каспий құбыр консорциумы әлеуметтік салаға жыл сайын 3 млн доллар көлемінде қаражат бөліп келеді. Нәтижесінде Құрманғазы, Индер, Мақат аудандары мен Құлсары қаласында 12 нысан салынды. Бүгінгі наурыз мерекесі қарсаңындағы шара, сол игі үрдістің жалғасы,-дейді консорциум басшылығы.
Николай Горбань, «КҚК-Қ» АҚ Бас директоры:
- Бұл мектептің жобасы басқалардан ерекше. Түгелдей соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықтадық. Аумағы да үлкен. Аулада футбол алаңы, жүгіру жолы, спорттық тренажерлар аймағы, теннис корты мен волейбол алаңы бар. Стадион да салынған. Балалар үшін барлығын жасадық.
Шара соңында облыс әкімі мен консорциум басшысы облыс орталғынан жаңадан «Жастар үйін» салу туралы екі жақты келісімге қол қойды.
Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин