Current Date: 21-03-2025

Оралда үшем перзентханадан шықты

Бүгін Оралдағы Мағзомовтар шаңырағында зор қуаныш.

Отбасында үшем өмірге келіп, нәрестелер перзентханадан шығарылды. Мейрамбек пен Айзада бұған дейін үш ер бала тәрбиелеп отыр екен. Қызды аңсағанымыз рас, дейді үшемнің анасы. Әрқайсының салмағы 2 келіден асатын Мәдина, Раяна, Аяла есімді сәбилерге екі апта дәрігерлік көмек көрсетілді. Қазір бөбектердің жағдайы жақсы, дейді мамандар. Облыстық перинаталды орталықта жыл басынан бері 764 бала туса, соның 7-і егіз . Ал үшем соңғы екі жылда бірінші рет тіркеліпті.

Айзада Құбашева, үшемнің анасы:

- Үш ұлдан кейін қыз армандағам. Құдай енді. Аллаға шүкір үш қыз берді. Сол жүктілік жақсы деңгейде өтті. Тек соңғы апталарда кішкене ауырлау болды. Жүктіліктің 35-аптасында перинаталды орталықтың бас дәрігерлері жоспарлы түрде кесір тілігін жасады. Балалар ширақ жақсы шықты. Содан кейін екі қызым реанимация бөлімінде бір жұмадай жатты. Дәрігерлердің арқасында қызғалдақтарым қанаттанып кетті. Ол кісілерге үлкен рақмет айтамын!