Шымкентте 2 мың 600 түп ағаш көшеті егілді .
Экологиялық акция «Әбілқайыр хан» көшесі бойында ұйымдастырылып, жүздеген адам үлес қосты. Әуелі ардагерлер мен әкімдік өкілдері және коммуналдық сала жұмысшылары бірлесіп, жерді тегістеді. Аумақты қоқыстан тазартты. Айтуларынша, қаланы көгалдандыру жоспары аясында енді «Шынар ағашы» көптеп өсіріледі. Өйткені ол «ыстық климатқа бейім, ғасырлар бойы көлеңке сыйлайды», — дейді мамандар. Жас өскіндердің көшеті жергілікті тұқымбақта көбейтілген. Экобелсенділер игі бастаманы Жамбыл облысының тұрғындарына челлендж ретінде жолдады.
Жарылқасын Мәшбек, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
- Біздің Шым қаламызда жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында өзімізге көршілес Жамбыл облысы соның ішінде Тараз қаласына халыққа пайдасын тигізетін, экологияға пайдасы бар, қалаға көрік беретін ағаштарды егу жұмыстарын жалғастырса деп сәлемімізді жолдаймыз.