Current Date: 26-03-2025

Әлемде жыл сайын 10 млн адам туберкулез жұқтырады

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Елімізде флюорографиядан өткен 5 млн 600 мың адамның 4 мыңынан туберкулёз анықталды. Жыл сайын 24 наурызда бүкіл әлем туберкулёзбен күресу үшін жан-жақты шаралар ұйымдастырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл әлемдік проблема, бұған баса назар аудару керек деп мәлімдеді. Себебі жаһанда жыл сайын 10 миллион адам туберкулёз жұқтырады. Ал Қазақстанда керісінше, көрсеткіш соңғы 6 жылда 27 пайызға төмендеген. Оған себеп заманауи жаңа әдістердің арқасында аурудың уақытылы анықталуы және ем-шараның тұрақты әрі тегін жүргізілуі.

Ақниет Балтанова