Current Date: 25-03-2025

«Семей» футзал клубы Қазақстан кубогының иегері атанды

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

«Семей» футзал клубы Қазақстан кубогының иегері атанды. Алматылық «Қайрат» командасын 5:1 есебімен жеңді. 2023 жылы ғана құрылған клуб қысқа мерзімде осылайша, өз тарихында тұңғыш рет биік мәртебеге ие болды. Команданы жерлестері әуежайдан құрметпен қарсы алып, ақсақалдар ақ батасын берді.

Рауан Атантаев, «Семей» клубының вице-капитаны:

Осы жеңісті біз Семей қаласына және Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арнаймыз. Ең бастысы біздің жанкүйерлер Қазақстанның ең үздік жанкүйерлері деп атап өтуге болады. Олар Талдықорған, Астанада болсақ та өзімізді Семейдегідей сезінеміз, сол жанкүйерлерге мың алғысымызды айтамыз.

Айбек Естаев, жанкүйер:

Үлкен тарихи жеңіс деп айтуға болады. Шын жүректен құттықтаймын, Семей халқын жанкүйерлерді жігіттерді шын жүрегімнен құттықтаймын.

Серік Жұмабек