Current Date: 26-03-2025

Ұлттар лигасы: Ұлттық құраманың қай дивизионға түскені анықталды

Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионындағы жеребесінде бірінші себетке түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттар лигасының С дивизионы:

1-себет: Исландия, Черногория, Албания, Қазақстан;

2-себет: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения;

3-себет: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония;

4-себет: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Молдова, Сан-Марино.

Жеребе тарту рәсімі келесі жылы өтеді.

Естеріңізде болса, Қазақстан құрамасы В дивизионынан шығып қалды. Құрамамыз Норвегия, Австрия және Словениямен бір топта ойнап, небәрі 1 ұпай еншіледі.