Current Date: 29-03-2025

Туберкулездің алдын алу жолдары қандай?

Бастапқы кезеңде туберкулёз симптомсыз болуы мүмкін, бірақ кейін белгілері пайда болады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілетме жасап.

Алматыдағы №11 емхананың фтизиатры Таир Кәрімов туберкулёздің жұғу жолдары, қауіп факторлары және қорғану шаралары туралы айтты. Дәрігер аурудың елемеуге болмайтын алғашқы белгілеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, неліктен жүйелі түрде тексерілу, екпе алу және салауатты өмір салтын ұстану алдын алудың негізгі әдістері екенін түсіндірді.

Туберкулёз қандай ауру?

Туберкулёз – mycobacterium tuberculosis (Кох таяқшасы) бактериясы тудыратын жұқпалы ауру. Көбіне бұл өкпеге әсер етеді, бірақ басқа органдарға, соның ішінде сүйектерге, бүйрекке, теріге, лимфа түйіндеріне және миға әсер етуі мүмкін. Негізгі берілу жолы — ауа тамшыcы, бактерия ауру жұқтырған адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде қоршаған ортаға енеді. Сондай-ақ, үй заттарынан, мысалы науқастың қақырығы бар заттарды пайдалану немесе ластанған мал өнімдерін тұтыну арқылы жұғады.

Маман кеңесі

Бастапқы кезеңде туберкулёз симптомсыз жүруі мүмкін, бірақ кейін белгілері пайда болады. Маманның айтуынша, бұған ұзаққа созылған жөтел, кеудедегі ауырсыну, қан кету, салмақ жоғалту, шаршау, түнгі тершеңдік жатады.

Ауру неғұрлым ерте анықталса, емдеу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

"Туберкулезге қарсы күресте профилактика басты рөл атқарады. Перзентханада жүргізілетін БЦЖ вакцинасы ауру қаупін айтарлықтай төмендетеді. Тұрақты флюорографиялық зерттеулер ауруды ерте кезеңде анықтауға көмектеседі. Жеке гигиенаны сақтау, дұрмыс тамақтану, зиян әдеттерден бас тарту және дер кезінде емделу де маңызды саналады. Туберкулёз — ауыр, бірақ емделетін ауру. Ең бастысы симптомдарды елемеуге болмайды және уақытында дәрігерге бару керек!" — деп ескертті маман.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!