Current Date: 30-03-2025

Су қоймаларының қазіргі жағдайы қандай

Тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

27 наурыз күнгі жағдай бойынша су қоймаларына қанша текше метр су жіберіліп жатқаны мәлім болды:

Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 1,5 текше метр, Сілеті су қоймасынан 150 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 8,3 текше метр су.

Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метрден су жіберілсе, былтыр реконструкция жасалған 2 су қоймасы белсенді су жинап жатыр, бүгінде 67%-ға толы.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 620 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 660 текше метр.

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 12,2 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 9,3 текше метр, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 2,2 текше метрден су жіберіліп жатыр.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 10 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 5 текше метр су.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 4,7 текше метр.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метр. Қазір екі нысан да белсенді су жинап, орта есеппен 68%-ға толды.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 493,2 текше метр, Петропавл су қоймасынан 195 текше метр су жіберіліп жатыр.