Current Date: 30-03-2025

Астанада білікті дін мамандарын даярлау мәселесі талқыланды

Жастарды алдап-арбауда жат ағымдар интернетті кеңінен қолданады, деп хабарлайды 24KZ. Оларға тосқауыл болу үшін қоғамға білікті де білімді дін мамандары қажет. Астанада дін саласына кәсіби мамандар даярлау мәселесіне арналған семинар өтті.

Кездесуде білікті мамандар дайындау, экстремизммен күрес, қоғамдағы діни мәселелердің алдын алу секілді өзекті тақырыптар қаузалды. Қатысушылар үшін семинар барысында ораторлық өнерден дәрістер өтті. Жиында жұртшылық алдында еркін сөйлеу дағдылары мен діни экстремизмнің алдын алу бағытында лекция оқылды. Бас қалада бастау алған шара енді елдің барлық аймағында жалғасады.

Толқын Аманбек, теолог:

- Бүгінгі тренингтің мақсаты тиімді коммуникация мен конфликтология. Бұл тренинг таңғы 10-нан кешкі 6-ға дейін болады. Көптеген жаттығу болады.