Current Date: 30-03-2025

Алматы облысында облыстық маңызы бар автожолдар 1 айға жабылады

Алматы облысында облыстық маңызы бар автожолдар көліктің барлық түрі үшін 1 айға жабылады. Бұл туралы Алматы облыстық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2025 жылғы 1 сәуір мен 30 сәуір аралығында жол-метеорологиялық жағдайлардың нашарлауына және қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты келесі облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылатынын хабарлайды:

КВ-45 "Талғар-Спутник" – 6 км учаскесінде:

КВ-64 "Түрген-Обсерватория" – 12 км учаскесінде:

Р-17 "Алматы-Талғар-Евгеньевка" – Есік көліне кіреберіс-7 км учаскесінде:

Өңір тұрғындары мен қонақтарынан сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді, сақтық шараларын сақтауды және баламалы маршруттарды пайдалануды сұраймыз", — делінген хабарламада.