Current Date: 01-04-2025

Қарағанды облысында жүзден аса киік ұшасы жойылды

Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Жаманқон өзенінде киіктердің өлекселері жойылып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазір 505 өлексе анықталып, олардың 175-тен астамы жойылған.

"Жұмысқа ТЖД қызметкерлері, РМК "Охотзоопром" және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды. "Охотзоопром" кәсіпорнының алдын ала мәліметтері бойынша жануарлардың жаппай қырылуына қолайсыз ауа райы мен азықтың жетіспеушілігі себеп болған. Инфекцияның таралуының алдын алу үшін барлық өлексе санитарлық талаптарға сәйкес Беккари биотермиялық шұңқырына көміледі", — деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнында мобильді топтар жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында мыңдаған киік қырылғаны хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget