Қостанай облысының 8 ауылы ішімдіктен бас тартты, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин былтырғы қылмыстардың шамамен 27%-ы масаң күйде жасалғанын айтты. Бұған жауап ретінде үйде де алкогольді ішуге тыйым салатын 4 мыңға жуық сот шешімі шығарылған.
2024 жылы облыс аумағында тұрғындары алкогольден бас тартқан 6 елдімекен (Милісай, Сарысу, Әбдіғапар, Крамское, Отынағаш, Көктал ауылдары) болды.
"Бұл ауылдарда осы күнге дейін бірде-бір қылмыстық құқықбұзушылық немесе отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тіркелген жоқ", — деді ІІМ өкілдері.
Биыл Ұзынкөл ауданындағы тағы екі ауыл, яғни Абай мен Уқатқан ішімдіктен бас тартқан ауылдар қатарына кірген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!