Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Актуалды

Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды

Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша соттың басталу күні белгіленді — алдын ала сот отырысы 10 сәуірде өтеді, деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

“Іс бойынша алдын ала тыңдау 2025 жылғы 10 сәуір сағат 12:00-де, Қаблис жырау, 65 үй мекенжайы бойынша орналасқан Талдықорған қаласындағы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өттеді деп белгіленді”, — делінген Алматы облыстық сотының хабарламасында.

Ашық сот отырысы тағайындалғаны хабарланды.

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс материалдары сотқа қашан жіберілетінін айтқан болатын.

Шерзат Болаттың қазасы

  • Талғарда Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды
  • “117 жауап алу іс-шарасы болды”: Бас прокуратура өкілі Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс қай сатыда тұрғанын айтты

Тақырып бойынша