0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Бұлақ көрсең, көзін аш! Абай облыстық жастар ресурстық орталығы осындай атпен экологиялық сенбілік өткізді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында белсенділер Күшікбай бұлағының маңын тазалады. «Семей-Қарауыл» бағытындағы тас жол бойындағы бұлақ ел арасында киелі саналады. Қысы-жазы қатпай ағатын бұлақтан өткен-кеткен жолаушы түгел тоқтап су ішеді. Оның үстіне тарихи мекенде жоңғар шапқыншылығы кезінде ел қорғаған Күшікбай батыр қорымы бар. Акцияға қатысқан жастар, студенттер мен тұрғындар қыс бойы ластанған киелі бұлақ маңын қоқыстан тазартып айнадай етті.
Өрлеубек Ерсінбек, «Абай» жастары» жастар ресурстық орталығының сектор меңгерушісі:
Қаламыздың, өңіріміздің тазалығына үлесімізді қосайық. Әр адам келгеннен кейін, өз қоқысын жинап немесе өзімен бірге алып кетсе. Осындай келеңсіз жағдайлар, қоршаған ортамыздың ластануы болмайды дегіміз келеді. Сондықтан, айналамызды күтіп қарайық.
Ержан Жақып