Current Date: 11-09-2025

АҚШ соты Д.Трамптың Гарвард университетіне қатысты шешімін уақытша тоқтатты

АҚШ-тың Федеральдық соты президент Дональд Трамптың Гарвард университетіне қатысты шешімін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды 24kz.

Ақ үй басшысы жоғарғы оқу орнына шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салған еді. Deutsche Welle басылымының мәліметінше, іске қатысты түпкілікті шешім әлі шыққан жоқ. Гарвард университеті әзірге шетелдік студенттер қабылдауды жалғастырады. Былтыр мұнда 7 мың шетелдік азамат білім алған.

Еске салайық, америкалық жоғары оқу орны Ақ үй әкімшілігін сотқа беріп, шетелдік студенттерді оқытуға тыйым салу шешіміне қарсылық білдірді. Дональд Трамп Гарвардтың білім беру және кадр мәселесіне араласпақшы. Алайда, жоғарғы оқу орны басшылығы бұған жол бермей отыр.