Current Date: 10-06-2025

Хуситтер Тель-Авивтегі әуежайды атқылады

Йемендік хуситтер Израильдің Тель-Авив қаласындағы Бен-Гурион әуежайын атқылады.

Әскери операцияға дыбыстан да жылдам ұшатын зымыран қолданылды. Ол АҚШ әскери-тасымалдау ұшағын қондырмау үшін атылған. Бұл туралы Йемен қозғалысының әскери өкілі хабарлады. Бірақ Израиль тарапы зымыранды дарытпай атып түсіргенін мәлімдеді. Хуситтер екінші күн қатарынан Бен-Гурион әуежайын атқылауын жалғастырып жатыр. Бұған дейін олар Газа секторындағы әскери операцияның күшеюіне қарымта жауап ретінде Израильдің әуе кеңістігін нысанаға алатынын жариялаған болатын.